Sen sūlu
50 subscribers
28 photos
1 file
80 links
Сұлулықтану - біреуге өмір ұстанымы, біреуге əуестік, жұмыс, беймəлім дүние. Бірақ бəріне де қызық
Download Telegram
Екі апта бойы таңертең тұра сала посылкамды аңдуды əдетке айналдыра бастап едім. Жетті-ау ақыры. Екі апта жүріп. Қазпоштаға рахмет сол күні əкеліп тастады. Енді ретиноидпен қарым-қатынасымыз туралы бірнеше апталан соң жазармын 😋
8 Маусым. Алматы. Beautymania Беташар дүкені. Сағат 18:00-23:00.
Халықаралық шоколад күні құрметіне бізде де бәрі шоколадта болсын
Forwarded from Map Mind — Статистика и аналитика
Самый популярный бренд одежды по странам Европы
Көптен жазбай кеттім. Тіпті қысылады екенсің ұзақ уақыт үнсіздіктен соң))) Бірақ үнсіздікті бұзған «пеструшка» сортты алманың жұпар иісі. Алматыдан досым әкелген еді. Екеуін сөмкеме салып алғам. Біреуін қызыма бердім де, біреуін жұмысқа апарғам. Демалыс күні Алматы облысы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барып шақалақтың басындай апорттар алған едім. Жұмыста сондай апорттың жанында «пеструшкам» үнсіз монтиып тұрды. Апорт ірі, әдемі, түрі де көз тартады. Ал пеструшка кішкентай, сырты да керім «мені жеші» деп тұрмайды бір қарағанда. Бірақ иісіііі. В общым кеше қалдырып кеткем жұмыс істелінмнің үстінде. Бүгін кабинетке кіргенде бірден байқадым. Кіп-кішкентай алма бүкіл кабинетті хош иісімен орап алған. Әлемді сұлулық құтқаратын шығар. Не депрессиядан алманың хош иісі құтқаратыны хақ. Хақ екені рас. Рас екені анық. Анық екені бла-бла-бла ))) Айтпақшы ароматерапевттер алманың иісі стресстен арылуға септесіп, жағымды эмоциялармен зарядтайды дейді. Пеструшкаңыз болмаса, алма иісі сезілетін парфюмдер Montale-дің Sunset Flowers-і (иіс ұнамды, бірақ тым бұқара болып кетті), Nina Ricci-дің алмаға махаббатын бұрынырақ байқағам. Nina-сы (сырты қызыл алма, жапырағы күміс түстес) тәтті қызыл алма, Nina Love By болса ерке иіс, көк алманың сергітетін жұпарын сезесіз. Salvatore Ferragamo-ның Incanto Heaven-і (өте нәзік, алманың жұпары гүлдер, жеміс-жидектермен аралас), DKNY-дің Be Delicious Juiced-і (сыртқы формасының өзі көк алмаға ұқсайды. Алманың иісі сезіледі, бірақ химия иісі де қылаң беріп қалады).
Үстелдің түстінде әлі тұр пеструшка алма. Мына алманы жесем өзімді каннибал сезінетін шығармын))
10 қазан Дүниежүзілік сүт бездерінің қатерлі ісігімен күрес күні. Қазақстанда жыл сайын омырау рагына 4000 астам әйел шалдығады. Олардың үштен бірі (ресми деректер 1400 адам дейді) көз жұмады. Онколог-маммологтардың айтуынша сүт бездерінің қатерлі ісігі емдеуге икемді. Дер кезінде емделсе 98% жазылып кетеді. Бірақ біздің қыз-келіншектерді құртатын салғырттық қой. Кім барыпты осы отырғандарымыздың арасынан тексерілуге? В общым, айтайын дегенім, ертең Қазақстанның ірі қалаларындағы барлық қалаларындағы онкодиспансерлерде тегін маммография мен сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі тегін жасалады. Плиз, өзіңіз де, туған-туыстарыңызды (жынысы әйел) да ала барыңызшы. Онкология ата-әжемізден қалған мұра емес. Әрқайсымыз, кез келгеніміз тап болуымыз мүмкін.
Алматылықтарға #жеңілдік
Косметика, парфюмға #жеңілдік
Рейсімді күтіп отырғанда жылдам жазып тастайын. Бұл жазба БАДтарға байланысты (биологиялық белсенді қоспалар). Әдетте дәрі алғанша БАД алайық, табиғи ғой деп ойлаймыз. Алайда соншалық табиғи емес екен. https://sciencebasedmedicine.org/drugs-in-your-supplements/ сайтында жарияланған мақалада БАДтар бейкүнә қоспалар емес, миллиард долларлық бизнес екені айтылады. АҚШта жыл сайын белсенді қоспалар салдарынан 23 000 адам жедел жәрдем шақырады, 2000 адам ауруханада емделуге мәжбүр. Қоспалар аннотациясында жазылған заттармен шектелмейді. Дженна Такер мен оның әріптестері тағамға белсенді қоспалардың бірнешеуін алып зерттеген. Бір ғана артрит пен жыныстық "тәбетті" ашуға ықпал ететін қоспада аннотациясында көрсетілмеген 6 зат табылған. Бұл заттар арасында түрлі синтетикалық қоспалар, дәрілік препараттар бар. Мысалы арықтауға арналған қоспада Сильбутрамин анықталған. Бізде ол қолданыла береді. Кәдімгі дәрі. Сульбутрамин тікелей миға әсер етеді. Әдетте астматиктерге арналған дәрілердің белсенді заты. Бірақ АҚШта сульбутраминге тыйым салынған. Сол сияқты көптеген препараттар туралы айтылады мақалада. Айтайын дегенім ешқандай коктейльдерге, БАДтарға жоламаңыз. Бұл тек бизнес. Денсаулыққа қатысы жоқ. И вообще сұлу, сымбатты болу үшін таблетка, операция емес, күнделікті күтім, еңбек қажет. А так маған томпақ қыздар ұнайды 😊
Макс Корждың бір өлеңі бар еді. Не выдумывай деген. Сондағы мына жолдар ұнайтын.
Замкнулся в себе, не знаешь слов, поверь,
Проблема только в твоей голове.
Не выдумывай, 
Не выдумывай, не накручивай, не ищи проблем.
Ты не придумывай...
10 қараша күні Алматы қаласындағы орталық "Французский дом" сауда үйінде "Сұлулық және шарап мерекесіне" орай БАРЛЫҚ тауарға 50% жеңілдік. Алғашқы 50 сатып алушыға маусымның жаңа тауарлары бар бьюти бокстар сыйға беріледі.
Пит Мондриан. Құдайшылдық. 1908ж. Осы көркем сурет әдемі көңіл күй сыйласын