Sen sūlu
50 subscribers
28 photos
1 file
80 links
Сұлулықтану - біреуге өмір ұстанымы, біреуге əуестік, жұмыс, беймəлім дүние. Бірақ бəріне де қызық
Download Telegram
​​Өткенде бір жазбамда айтып едім. Иіссу таңдау жар таңдау сияқты. Көріспей, біліспей мынау менікі деуге болмайды. Тым құрығанда бір күн, бір түн бірге өткізу керек. Өткен жолы Қазақстанда жоқ қой деп жəне блаттерде иісі ұнап Serge Lutens-тің La Fille de Berlin иіссуын ала салып едім. Парфюмерия дүкендерінде иіссуды иіскеп қажеті жоқ. Салтанатты кештерде скелеттерін жасырып, барын киіп алған адамдар сияқты, бəрі тамаша, бəрі жұпар иісті. Сипаттамасында алдымен роза мен герань иісі соңында пачули, мох пен бал қалуы тиіс еді. Бүгін жұмысқа бірінші рет киіп бардым. Тойдағы сарқыттар бар еді ғой. Кəмпит, мейіз, торт араласқан. Дəл сондай əсер. Бал, раушан, герань, сандық түбіндегі өрік-мейіз. 🤢 Есіл 110€, одан да тексерілген Chanel-імді алу керек еді 😕
#Blackfriday бізде де басталды. Welldee.kz органикалық тай косметикасы интернет дүкенінде 30-80% дейін жеңілдіктер жасалған. Бұл дүкеннен Voodoo бетке арналған спрейін (жеңілдік 50%) жəне кокос майын (30%) алуды ұсынар едім. Екеуі туралы кейінірек айтып беремін. Негізі бұл дүкен тапсырысты бір 600 теңгеге 3-4 күнде (Қазақстан қалаларына максимум 10 күн) жеткізеді. 15 мыңнан астам сауда жасасаңыз жеткізу тегін.
Beautymania-да тек Guerlain маркасына қарашаның 30 дейін 20% жеңілдік
Косметикаға еш қатысы жоқ, бірақ сұлулығыңыз бен сымбатыңызды айшықтайтын киім-кешек табуға əбден болады деп ойлаймын 😉
Black Friday жалғасуда. Limoni италиялық косметика маркасы барлық тауарға 60% жеңілдік жариялапты. Бұл бренд косметикасының бағасы орташа, оның үстіне жеңілдікпен тіпті тамаша. Айтпақшы, бұл бутик корей косметикасын да сатады. Астаналықтар "Азия парк" ОСО-на келе алады (1-қабат, 57-бутик). Ал басқа қаладағылар сайт арқылы тапсырыс бере алады
Қырыну туралы. Мен шугаринг мастерім инстаграмында "не согреши" жазуы бар ұстара суретін жиі салады. Əбден санама сіңіп кеткені соншалық, қырынғанша "жалбырап" жүргенім жақсы деп шугарингке жеткенше натурлиш қалпымда жүре беретін болыппын)) Ал американ ғалымдары (бұл британ ғалымдары емес, заметьте 🤔) қырынудың шаштың өсуіне қатысы жоқ депті. Ұстараның шаш фолликулына еш əсері жоқ, тек қырынған түктің ұшы үшкірлеу болады. Қолға батып, қайратты əсер қалдыратыны сондықтан. Ал өскен түктің ұшы əлсіреп, түсі де солғын тартады. Айырмасы осы ғана. Бұл туралы Scientific American былай деп жазыпты: https://www.scientificamerican.com/article/fact-or-fiction-if-you-shave-or-wax-your-hair-will-come-back-thicker/#
​Өткенде бет жуатын сүйікті гелім Clinique Liquid Facial Soap туралы айттым ғой. Неге Clinique десеңіз айтар жауабым:
Бұл ең күшті гипоаллергенді косметика. Оның құрамында хош иістендіргіштер, артық химикаттар жоқ. Clinique барлық өнімдері аллергияға тексеріледі. Жаңа өнім қалай сыналатынын білесіз бе? Зертханалық сынақтан соң 600 ерікті терісіне кезеңмен 12 рет жағылады. Осылайша өнім 7200 рет сынақтан өткізіледі. Егер тым болмаса біреуінде аллергиялық реакция тудырса, өнім өндіріске бармайды. Сондықтан да бұл косметика өнімдері әдетте түссіз, иіссіз.
Ең жұмсақ, ең зиянсыз сабын. Тіпті баланың бетін күнделікті жуса да, гидролипид балансын бұзбайтын шығар. Кейде бетіңізді жуған соң тартылып қалғандай әсер бола ма? Ал Clinique-пен ешқашан бетіңіз құрғап, тартылмайды.
Clinique терінің ескі қабатынан тазалау қажет екенін айтқан және өлген қабаттан тазартатын құрал ұсынған бірінші компания. Қазір де салицил қышқылы негізгі ингредиенттердің бірі, сондықтан да 3 сатылы тазартудан соң бетіңіз жарқырап жүреді. Clinique арқасында беттімді салонда тазалау процедурасынан құтылғанымды бұдан бұрын айтқан болатынмын.
Clinique жарнама концепциясы бұл марка құрылғаннан бастап өзгерген емес (бұл Estee Lauder холдингінің еншілес компаниясы). Clinique өз жарнамасында танымал тұлғаларды қолданбайды. Олардың негізгі қаһармандары - өнімдері. Көбіне байқасаңыз, олардың жарнамаларында тері күтіміне қатысты ақыл-кеңестер көбірек кездеседі. Демек сіздің әр тиыныңыз жарнама, қаптама, маркетологтардың басқа да қызметтеріне емес, өнімнің өзіне ғана төленеді.
Хм, неге Clinique-ті жарнамалап кетті дейсіздер ғой? Француз үйінде бүгіннен бастап желтоқсанның 10 дейін осы компания өнімдерінің барлығына 30% ЖЕҢІЛДІК! Айтпақшы, цитрус иісін жақсы көресіз бе? Нағыз апельсин-мандарин 🍊🍊🍊 иісін жеткізе алған парфюмдар үштігінің бірі Clinique Happy. Француз Үйі дүкеніне барғанда міндетті түрде бір иіскеп көріңізші. Тым құрығанда келе жатқан Жаңа жыл иісін сезесіз.
Mon Amie жаңа жылдық жеңілдіктерді бастап кетті 🎄🎄🎄
Forwarded from @beautylogic
Акция! Жаңа жылдық сыйлықтар! Тек сыйлықты алу үшін əлеуметтік желіде (Instagram, Facebook) бетіңізді тазартуға қатысты өз тəжірибеңізді жазып, #beautylogic хештегімен бөлісесіз. Акция қорытындысы 21 желтоқсан күні шығарылады. Жеңімпаз посты каналда жарияланады, ал сыйлыққа - бет жууға арналған гель мен менің сүйікті коньяку спонжым табысталады. Сəттілік!
​​Селдір шаш және сарымсақ маскасы. Барлық адамның шашы түседі. Шаштың түсу нормасы - күніне 50-125 тал. Ал уыстап түсе бастаса, жақсы рецепті бар. Тым жақсы емес, бірақ әсерлі. 6-7 сарымсақ түйіншегін үгітіп (үккіш немесе сарымсақ сыққышпен), 2 ас қасық зәйтүн майын қасып араластырасыз. Иісін азайту үшін эфир майларын қосуға болады. Бірақ бәлендей әсері жоқ. Сарымсақтың иісін жеңу мүмкін емес. Осы ботқа тектес массаны басыңыздың терісіне жақсылап жағып, 1 сағат ұстайсыз. Басыңызға полиэтилен пакет киіп алуды рекомендеймін. Негізі осы рецептіні алғашқы аптада 2-3 рет жасауға болады дейді. Мен 1 рет қана жасадым. Бірақ сарымсақтың иісін 2 апта бойы сезіп жүрдім. Әсіресе, терлегенде, моншаға барғанда))) Бірақ шашымды жуған кезде байқадым, Шашымның түсуі азайды. Бұрын таңертең оянғанда жастығым шаш-шаш болатын еді. Қазір бір тал да жоқ. Бірақ ескертемін, сарымсақ иісін жақтыртпайтындар болса, жасаудың қажеті жоқ. Айтпақшы, кейін форумдардан оқыдым, иісін азайту үшін 3 литр суға 1 ас қасық сіркесу қышқылын (уксус) араластырып, сонымен шаю керек дейді. Өзім жасап тексермедім.