Satbayev University
5.79K subscribers
34.3K photos
1.12K videos
1.35K files
1.35K links
Официальный аккаунт Satbayev University
Download Telegram
⚜️Сәтбаев университетінде Қазақстан Республикасы күніне арналған дәстүрлі салтанатты концерт өтті. Д. Сүлеев атындағы Ғылым және шығармашылық орталығында ұйымдастырылған іс-шара Мемлекеттік ту көтеру рәсімімен және 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның тарихи маңызын баяндайтын деректі фильммен басталды.
Университет ректоры Мейрам Бегентаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, тәуелсіздік елдің бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілік екенін атап өтті. Ол Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі білімге, ғылымға және отандық технологияларды дамытуға байланысты екенін айтып, нағыз патриотизм жауапкершілік пен күнделікті еңбектен көрінетінін жеткізді.
Концерт барысында ғылым, білім, инженерлік технологиялар, цифрландыру, жасанды интеллект және инновациялардың ел дамуындағы рөліне назар аударылды. Көрермендер алдында университеттің Студенттік халық аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі – профессор Жанас Бекентұров), SAHNA музыкалық бірлестігі, «Шыңдау» балалар хоры және NAIZA вокалдық триосы өнер көрсетті.
Іс-шара соңында ғылым, білім, мұнай-газ және энергетика салаларын дамытуға, тіл саясатына және университет өміріне үлес қосқан оқытушылар мен студенттер марапатталды. Оларға «Тіл жанашары», «Ғылым үздігі» дипломдары, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар, Kazenergy марапаттары және Сәтбаев университетінің алтын медальдары табысталды.
⚜️Республика күні құтты болсын!

Ұлттық мереке қарсаңында Сәтбаев университеті студенттер мен университет қызметкерлеріне бауырсақ ұсынып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Бірлік пен татулықтың символына айналған бұл игі дәстүр мерекенің мәнін айшықтап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!