Satbayev University
5.79K subscribers
34.3K photos
1.12K videos
1.35K files
1.35K links
Официальный аккаунт Satbayev University
Download Telegram
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың «Адами капитал – Жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен үзінді
👍1
​МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ РЕКТОРЛАРЫМЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматы қаласында еліміздегі жекеменшік жоғары оқу орындары ректорларымен кездесті.

Жиын барысында бизнес қоғамдастықпен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеудің жаңа тәсілдері мен өңірлік жоғары оқу орындарын дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, түлектерді жұмысқа орналастыру тетіктері мен жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері қаралды.

💬«Университет базасында, әсіресе өңірлік жоғары оқу орындары базасында бизнес-инкубаторлар мен технопарктерді дамыту жөніндегі норманы заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Біз академиялық артықшылық орталықтарын құру жөніндегі жоба шеңберінде өңірлік университеттердің инновациялық инфрақұрылымын дамыту мүмкіндіктерін қарастырамыз. Зерттеу жүргізу үшін ғылыми зертханаларды құрудың уақыты келді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын 500 ғалым шетелдік ғылыми тағылымдамаларға жіберіледі. Нақты нәтижелер мен зерттеулер жүргізу үшін ғалымдарға жағдайлар жасалуда», - деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
​Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

«
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды еліміздің ең маңызды мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Ата заң - тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің дамуы мен гүлденуінің негізі. Осыдан жиырма жеті жыл бұрын, 30-тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді. Осы уақыт ішінде құқықтық мемлекет қалыптастыру қағидалары қоғамда және азаматтардың санасында түпкілікті бекітіліп, өз жемісін беруде. Конституция Қазақстан мемлекеттігінің нығаюына, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берді. Биыл 5-маусымда қазақстандықтардың басым көпшілігі Ата заңға енгізілген өзгерістерді қолдап, елдің тұтастығы, кемел келешегі үшін дауыс берді.

Біздің түпкі мақсатымыз - еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, оның өркендеуі мен барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға жол ашу. Болашақ ұрпағымыздың өмірін берекелі ететін бұл мақсатқа бірлігімізді сақтай отырып, асқан табандылықпен қол жеткізе аламыз. Конституцияда бұл үшін барлық алғышарттар бар!»


--------------

Министр науки и высшего образования Саясат Нурбек поздравил казахстанцев
с Днём Конституции


«УВАЖАЕМЫЕ КАЗАХСТАНЦЫ!

Поздравляю вас с самым главным праздником нашей страны – Днем Конституции Республики Казахстан!

Основной закон страны является прочной основой развития и процветания государства. Двадцать семь лет назад, 30 августа 1995 года, на всенародном референдуме была принята Конституция нашей страны. За это время установилось правовое государство, проведены крупные реформы во всех сферах деятельности. Наша страна добилась огромного прогресса в создании экономически развитого, политически стабильного государства, стала авторитетным игроком на международной арене. 5 июня 2022 года большинство казахстанцев проголосовали за внесение поправок в Конституцию, за единство и стабильность в стране.

Наша цель - укрепить независимость страны, создать условия для дальнейшего процветания страны и улучшения жизни всех казахстанцев. В Конституции Казахстана для этого есть все предпосылки!»
👍1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУ ЖАСАЙДЫ
Привет, первокурсник!

Лови программу на знакомство с Satbayev University:

- агитационная программа пройдет в период с 5-го по 9-ое сентября ✨

5 сентября: ИАиТТ

6 сентября: ИАиС
7 сентября: ИГиНГД
8 сентября: ГМИ и ИУП
9 сентября: ИэиМ

📍
10:00-10:45:
Знакомство с директорами институтов, заведующими кафедры и профессорами

📍11:00-11:30
Кредитная технология обучения

📍11:30-12:00
Поуровневое обучение языкам, математике и физике

📍12:00-13:00
Знакомство с самоуправлением:
– декан университета
– студент
– Q&A

ОБЕД: 13:00-14:00 - прогулка по кампусу

📍14:00-15:00
Введение в политику SU, правила и устав

📍 15:00-16:00
Удобства и особенности кампуса,
положения и правила, руководящие органы

📍 16:00-17:00
Международные образовательные программы, стипендия и
проживание

🔹МЕСТО ПРОВЕДЕНИЯ: АКТОВЫЙ ЗАЛ, ГМК
👍32❤2
А ПОКА…

Давайте проведем Битву институтов 😍

Голосуй за свой-родной, посмотрим, кого больше 🔥

👇
​Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Білім күнімен құттықтады

«ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР, СТУДЕНТТЕР, ҰСТАЗДАР, ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАР!
ҚЫМБАТТЫ МЕНІҢ ӘРІПТЕСТЕРІМ!

Баршаңызды 2022-2023 оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Жаңа оқу жылы мектеп табалдырығын енді аттағалы тұрған 1 сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарына арман қуып келген 1 курс студенттері үшін сәтті өтсін!
Сіздерді жарқын болашақ, биік белестер күтіп тұр. Сабақтарыңызды жақсы оқып, ғылым, спорт жәнешығармашылық салаларында мол табыстарға кенеле беріңіздер.

Айта кетейін, Ғылым және жоғары білім министрлігінің жаңа оқужылына жоспары көп. Оларды жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті.
Естеріңізге сала кетсем, бүгіннен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға өседі. Біздің ұжым сапалы білім мен дұрыс кәсіби бағдар үшін аянбай еңбек етуге дайын.

Оқуда озат, еңбекте адал болыңыздар. Биік шыңдарды бірге бағындырайық!»

***

Министр науки и высшего образования Саясат Нурбек поздравил с Днём знаний

«УВАЖАЕМЫЕ ШКОЛЬНИКИ, СТУДЕНТЫ, УЧИТЕЛЯ, ПРЕПОДАВАТЕЛИ И РОДИТЕЛИ! ДОРОГИЕ МОИ КОЛЛЕГИ!

Поздравляю всех с началом 2022-2023 учебного года!
Пусть новый учебный год пройдет успешно для первоклассников, которые только собираются переступить порог школы, и первокурсников, вступающих во взрослую жизнь, следуя за мечтой.
Впереди вас ждут новые знания и высокие вершины. Надеюсь, что вы приложите максимум усилий и добьетесь больших успехов в науке, спорте и творчестве.

Хочу отметить, что у Министерства науки и высшего образования масштабные планы на новый учебный год. Работа по их реализации уже началась.
Напомню, что с сегодняшнего дня по поручению Главы государства стипендии студентам вузов вырастут на 20%, магистрантам и докторантам – на 15%.
Наш коллектив готов усердно трудиться за качественное образование и правильную профессиональную ориентацию.

В добрый путь, в добрый час, друзья!»
👍9🥰1
БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ❤️

Satbayev University сіздерді шын жүректен құттықтайды! ✨
👏25🔥4👍2
​«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Биылғы жылғы іріктеудің екінші легінде стипендия 84 қазақстандыққа тағайындалды. Оның ішінде 78 адам магистратураға, 6 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының докторантурасына түсті.

Осы жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында стипендияларды тағайындау туралы шешім қабылданды.  

Биыл «Ақпараттық технологиялар мен жүйелер», «Биотехнология. Биоинженерия. Биомедицина. Биохимия», «Көлік технологиялары. Көлік инженериясы. Логистика», «Білім беру саласындағы басқару», «Үлкен деректерді талдау. Салалар бойынша предиктивті талдау» және т.б. сынды мамандықтар сұранысқа ие болды.

«Болашақ» стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс жылына үш рет өтеді. Қорытынды шілде, тамыз және желтоқсан айларында шығарылады.

Жалпы алғанда, 2022 жылы магистратура мен резидентураға 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.
👍6❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«‎Отандық жоғары оқу орындарының сапасының артуына қарай оқу ақысы да өсетін болады.
Сол себепті мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр. Бұл гранттар ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30-дан 100 пайызға дейін сараланады.
Оқуға жылдық 2-3% жеңілдікпен несиелер де берілетін болады.
Көрсетілген шаралар жоғары білімді неғұрлым қолжетімді етеді, сондай-ақ, қоғамда әріптестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан
👍4
Алматыдағы Сәтбаев университетінің базасында қоғам белсенділерінің қатысуымен студенттердің жатақхана мәселелерін шешу үшін құрылған жедел Штаб жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық арнадағы «Жедел желі»бағдарламасында хабарлады.
Штаб мамандары студенттерді орналастыру үшін тәулік бойы кезекшілік етуде.

Жатақханаға орналасу кезінде грантта оқитын азаматтардың жеңілдетілген санатындағы бірінші курс студенттеріне басымдық беріледі.
Егер сіз студент болсаңыз және жеңілдік санаттарына жатсаңыз және жатақханада орынсыз қалсаңыз, онда штабқа хабарласыңыз, олар сізге міндетті түрде көмектеседі.

📍Бас кеңсенің мекен-жайы:
Алматы қаласы, Ғабдуллин көшесі, 2 үй, №2 жатақхана.

☎️Байланыс телефоны: +77786556083

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

В городе Алматы, на базе Сатпаев Университета работает оперативный Штаб, созданный с участием общественных активистов для решения проблем с заселением в студенческие общежития. Об этом сообщил министр науки и высшего образования Саясат Нурбек в программе национального канала «Жедел желi».

Штатные специалисты осуществляют круглосуточную работу по размещению студентов.

Приоритет отдается первокурсникам по льготной категории граждан, обучающихся на гранте.

Если вы студент и относитесь к льготной категории, и у вас нет места в общежитии, то вы можете обратится в Штаб, вам обязательно помогут.

Адрес головного офиса:
г. Алматы, улица Габдуллина, д. 2.
Общежитие № 2.

Контактный телефон: +77786556083.
👍10
​ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ САЯСАТ НҰРБЕК СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БОЛДЫ

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматы қ. жұмыс сапар аясында Сәтбаев Университетіне барып, жоғары оқу орнының ғылыми жетістіктерімен және әлеуетімен танысты.

Министр Саясат Нұрбек VR зертханасын және университеттің Ғылыми жетістіктер көрмесін аралады.

Ғылым және жоғары білім министрі университеттің жетістіктерін жоғары бағалады, сонымен қатар республиканың ғылыми әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларын орындау аясында университетті одан әрі дамыту барысындағы көзқарасы туралы жиналғандармен бөлісті.

💬«Мемлекет басшысының бізге берген тағы бір үлкен тапсырмасы – ғылыми жұмыстың басым бағыттарын қайтадан қарап шығу. Қазіргі таңда алдымызда тұрған басты мәселелердің бірі – біздің жасаған әзірлемелерімізді халық шынымен де пайдалана алатындығына көз жеткізу. Екінші мәселе – су қауіпсіздігі мәселесі. Алдағы 3-5 жылда бұл мәселе ел қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы зор тақырып болмақ. Сондықтан да дәл осы мәселе жөнінде мемлекет сіздің университетке үлкен үміт артып отыр», – деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ, министр жоо базасында бірінші курс студенттеріне көмек көрсету және жатақхана мәселесін шешу үшін ашылған жедел штабта болып, оның жұмысымен танысты. Студенттер және олардың ата-аналарымен кездесіп, сұрақтарға жауап берді. Жатақханаға мұқтаж студенттерді қамтамасыз ету үшін Алматыда жыл соңына дейін 5 жатақхана пайдалануға беріледі. 500 орынға арналған екі жатақхана салынып жатыр. 700 орындық тағы 3 жатақхана жөнделуден өтуде.

🔗Толығырақ.
👍5👌1
Фоточки с недельной ярмарки организаций 🔽

https://drive.google.com/drive/folders/1johAisp04MER6f2Yjh0uWXZ9GdXl3Sx1?usp=sharing

Өзіңді таптың ба? 😍😋
👍4👎1