Sen sūlu
50 subscribers
28 photos
1 file
80 links
Сұлулықтану - біреуге өмір ұстанымы, біреуге əуестік, жұмыс, беймəлім дүние. Бірақ бəріне де қызық
Download Telegram
Крем қанша уақытта сіңеді?
Күндізгі кремді далаға шығардан жарты сағат бұрын, ал қысқы уақытта 1 сағат бұрын жағыңыз. Түнгі кремді ұйқыға жатардан 1 сағат бұрын жағыңыз. Aл 2-3 сағат бұрын жақсаңыз тіпті жақсы. Неге дейсіз бе? Əрине, жастығыңызды былғайды. Бірақ басты себеп бұл емес. Бетіңіздің бұлшықеттері белсенді болғанда крем жылдам сіңіп, өз функциясын тамаша атқарады. Ал кремді үй тірлігін бітіріп, тісіңізді ысып, қалжырап барып дəл ұйықтар алдында жақсаңыз, бұл кезде сіздің бетіңіздегі бұлшықеттеріңіз де босаңсиды, микроциркуляция нашарлайды, крем тері бетінде сүттің бетіндегі қаймақ құсап тұрып қалады да, таң атқанда бетіңізге ісіп тұрған түр беруі мүмкін. Əсіресе, көз айналасында.
Бет күтімінің реттілігі. Алдымен құрғақ тері жайында.
Айтпақшы, кранның хлорлы суы бетті одан əрі құрғатады. Алайда бұл проблеманы шешудің жолы бар. Таңертең/кешке беті ашық ыдысқа су құйып кетсеңіз, кешке/таңертең су оттегімен қанығып хлорлары ұшып жұмсарып тұрады. Ал тіпті еріншек болсаңыз, жақсы тоник сатып алыңыз. Тоник беттегі тазартқыш құралдардан тазартып, теріңіздің ph балансын қалпына келтіреді.
Жұмыста қыз-келіншектерді құттықтау басталып кетіпті. Сыйлыққа қатысты сауалнамамызды бастайық онда
Сүйіктіңіздің 8 наурыз мерекесінде не сыйлағанын қалар едіңіз?
anonymous poll

Гүл шоғы 💐 – 7
👍👍👍👍👍👍👍 32%

Алтын 💍 – 7
👍👍👍👍👍👍👍 32%

Көтеріңкі көңіл-күй 🌝 – 4
👍👍👍👍 18%

Косметика 💄💅 – 2
👍👍 9%

Ақша 💸 – 2
👍👍 9%

👥 22 people voted so far.
Əдетте өз терісін, ағзасын жақсы білетін қыз-келіншектердің өзі бір крем не далап алу үшін бьютишоптарда сағаттап жүреді. Ал сыйлық іздеген еркектердің бұл жерден сертификат қана алып кеткені жөн сияқты. Əсіресе қазір Французский Дом (Телеграмда каналдары бар https://t.me/french_house_kz), Мon Amie, Beautymania дүкендерінде жеңілдіктер болып жатыр. Жарнамада айтқанындай 50% емес əрине барлығына. Бірақ люкс косметикаға 30%, қалғандарына 10% төңірегінде екен. Ал алдыңғы суретті ишара ретінде жігіттеріңізбен бөлісіп қойсаңыз болады 😉
Майлы тері иелеріне бірнеше кеңес: 1. Бетіңізді ыстық емес, салқын сумен жуыңыз. Салқын су тері пораларын тарылтуға септеседі. Ыстық сумен жусаңыз, сəлден соң бетіңіз майланып жылтырап шыға келеді.
2. Теріңізді құрғататын емес, ылғалдандыратын крем алыңыз. Майлы теріге ылғал құрғақтан да артық қажет.
3. Əдетте визажистер макияждан соң бетке опа (пудра) жағып жатады. Бірақ сіздің жағдайда пудрадан гөрі матирующий салфетка қажетірек. Калька сияқты жұқа қағаз сіздің бетіңіздегі майды, косметика қалдықтарын сіңіріп алып, макияжды бұзбайды.
Қымбатты каналымның арулары, сіздерді шуақты мерекелеріңізбен құттықтаймын. Тəніңіз сұлу, жаныңыз көркем, жүрегіңіз ғашық болсын!
Бүгін дилеммаға тап болдым. Мерекені қалай өткіземін деген. Бір жағынан еркелік "кеттік шоппингке, өзіңді еркелетіп қалаған дүниеңді алып мерекені сезін" десе, бір жағынан нағыз қаззақы əйел дауысы "үйге уборка жасайық, дəмді тамақ пісіріп сосын кешке əддемілеп, рахаттаным шай ішеміз" дейді. Нені таңдады дейсіз бе? Қамырды илеп жылы жауып қойдым. Асүйдің уборкасын біттім, енді залға кірісейін деп сəл демалған түрім)) Ал сіздермен таза женский стикер бөліспекшімін)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Білуімше орта есепті қазақ əйелдері 4 демалыс күні демалған жоқ, үйдің ұсақ-түйек шаруаларын жасап дамыл таппады. Енді қолға көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Алдыңғы жазбаларымның бірінде қолға қолғап киіп жұмыс жасауды дағдыға айналдыру керектігі жөнінде жазып едім. Ыдыс жуғанда қолыңызға перчатка киетіндер 🧤, ал кимейтіндер басуыңызды өтінемін. Қолға арналған маска туралы пікірім: http://telegra.ph/Hand--Nail-Moisture-Pack-03-11
Түнгі кремді жағатын уақыт болып қалды. Clarins-тың крем жағу əдісі ұнады. Əлде 46 жасар модель Бэри Смитер ұнап қалды ма)) Енді кремді осылай жағатын боламын https://youtu.be/srzOcrVdtvs
Демалыс күндерінен соң алғашқы жұмыс қиын болатынын білем. Бірақ мұңаймаңыз. Наурыз айы көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Шамамен былай 😊