Kazakh in Cardiff (I was)
1.48K subscribers
1.22K photos
129 videos
14 files
455 links
Технология сізді қалай өзгертпек

Канал авторы - @daniyar
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақтың қай зауыты Apple-мен серіктес деп ойлайсыз? Жауабын @kazakbubble жобасының рилзынан көруге болады. Сілтемеге өтпес бұрын жауабыңызды комментке қалдырып кетіңізші, қанша адам табар екен. Мен өзім қатты қателестім 😅
Мынадай бір әдемі график көрдім. Даннинг Крюгер эффектісінің айтиге адаптацияланған түрі шығар
Alan Kay - компьютер ғылымының негізін салушылардың бірі. ООП мен GUI деген дүниелердің қалыптасуына үлкен үлес қосқан қайраткер.

Қарапайым цитата боп көрінуі мүмкін. Бірақ software design-дегі карго культтің масштабын көргенде, мынаның мағынасын кәдімгідей ұғынасың
Ең жайсыз хабарламалар қалай басталады:

1) “Сіздің төленбеген қарыздарыңыздың сомасы…”

2) “Сенімен бір әңгіме бар…”

3) “http://us04web.zoom.com…”
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жақсы фича екен. Пулл реквестерді өзі букмаркта бір бумаға жинап отырады
Мынау Java тілінің мәдениеті. Kotlin тілінің мәдениеті де осыған жақын. Норма деп қабылдаймыз осыны.

Бағдарламалаудың басқа саласында да осындай паттерндер бар деп ойлағам. Сөйтсем мынаған адамдар саусағын шошайтып, "мына бейшараларды қараңдар" деп күліп жатыр.

Джавис еместер, рас па осы?
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бостон Динамикалары компаниясы баяғы мем болған Атлас роботын Deprecated қылып жіберді да, орнына мына бір скайнеттен аумайтын жаңа Атласты көрсетті.

Жалпы AI жасайтындардың біразы айтады, жасанды интеллект осындай бір физикалық денеге ие болмайынша, одан мардымды пайда жоқ. Өнермен робот емес адам айналысуы керек, ал қиын физикалық жұмысты робот жасауы керек. Қазір бәрі керісінше, осы олқылықтың орнын толтыру үшін еңбектенудеміз дейді
Start Monday by the best shitpost of the weekend
Градл қолданатындар "әу" деп бір қол көтеріп қойыңыздарш
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Junior vs Senior

Былтыр лейоффтар боп жатқанда, "тіпті гуглда 10 жыл істеген адамдарды да қысқартып жатыр екен" деген әңгіме естіген шығарсыз. Шынымен кейбір маманның жұмысы жоқтығы бірден байқалмауы мүмкін, бірақ түбінде бәрібір байқалады
Телеграм 10 жыл бұрын юзернейм деген нәрсені шығарған. Мен сол кезде жаңалықты оқи сала @daniyar дегенді өзіме алып қойдым. Әйтпесе басқа әлеуметтік желіде ондай аттың бәрі бос емес еді. Ең болмаса бірі менде болсыншы деп үлгеріп қалдым. (Бұндай юзернеймнің минусы да бар, комментте түсіндіріп берем)

Сол кезде Павел Федоров деген бір блогер @pavel дегенді алып қойған ғой. Соны кеше fragment аукционында 15000 тонға, яғни 80 МЫҢ долларға сатты. Ол юзернейм енді Дуровтың каналына тиесілі. Мен де қарап отпай өзімнің юзернеймімді аукционға сап қойдым. Так что егер есімі Данияр деген ауқатты селебритиді танысаңыз, осылай сатып жатыр деп айтып барыңыз 😁️️️️️️
Инстаграм постқа лайк қойған адам санын емес, осылай пайызбен көрсетсе қатып кетер еді
Meta AI бетіңе қарап тұрып өтірікті судай сапырады екен.

Жалпы прайваси туралы олардың айтқан алғашқы өтірігі емес
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
LinkedIn-нің басшыларының бірі Рид Хоффман өзінің ЖИ көшірмесімен сұқбаттасты.

Because why not?
✔️Формат ЭЦП изменился в Казахстане: действующие ключи перевыпускать не нужно

В Казахстане перешли на ЭЦП нового формата, которая будет состоять из одного файла вместо двух. Старые ключи при этом будут действовать до конца своего срока действия.

Ранее, оформляя ЭЦП, казахстанцы получали два ключа: AUTH RSA – используемый для авторизации пользователя; RSA – для подписи получаемой услуги.

Сегодня в СМИ заметили, что произошел переход на новый межгосударственный криптографический стандарт ГОСТ 2015.

При этом оформление ЭЦП нового формата происходит по тому же самому алгоритму, что и ранее. Скачать новую подпись также можно онлайн, заказав услугу «Получение ЭЦП удаленно» на портале Egov.

#эцп

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from IT bilim
👋 Қазақстанның IT мамандарына үндеу!

Сәлем әріптестер!

Мен IT терминдердің Ағылшын-Қазақ сөздігін жасау үстіндемін. Алғашқы нұсқасы дайын, бірақ ілгері дамыту үшін бұл істе маған көмек аса қажет.

Біздің мақсатымыз - Қазақстанның IT саласының тілін Қазақ тілі қылу. IT-мамандар жұмысында Қазақ тілінде емін-еркін түсінісу, сөйлеу үшін Қазақ тілін заманауи технологиялар аясында өзекті әрі функционалды ету.

Жобаға аудармамен, білімімен көмектесуге дайын энтузиастарды іздейміз. Барлық ұсыныстар қаралады.

Бастамамызға қосылып Қазақстанның барлық IT-мамандары үшін негіз болатын сөздікті жасауға көмектесіңіз. Осы жазбаны қатысуға ниет білдірер әріптестеріңізбен бөлісіп қазақ тілін жоғары технологиялар әлемінде насихаттауға бірге атсалысайық!

Сөздіктің сілтемесі:
https://github.com/son-of-Altay/eng-kk-tech-dictionary

Атсалысқысы келетіндер үшін:
https://github.com/son-of-Altay/eng-kk-tech-dictionary/blob/main/CONTRIBUTING.md
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Universal Basic Income(UBI) деген идея бар емес па, болашақта әр адамға ай сайын мың доллардай жайдан-жай түсіп тұрса. Адамдар не жейм, не кием, қайда тұрам деген негізгі қажеттілікті уайымдамаса, ал қосымша табыс тек өмір сапасын арттыруға жұмсалса деген арманымыз бар ғой енді адамзат ретінде. Бұл концепт туралы пікірлер көп, біреулер қолдайды, біреулер сынайды. Адамдар жалқау боп кетеді, прогресс болмайды, халық билікке қатты тәуелді боп кетеді деген сияқты потенциал кемшілігі бар екені рас.

Бұл туралы openAI жетекшісі Сэм Альтман бүй дейді:
"Мүмкін әр адамға ақша емес, бір GPT-7 сияқты жасанды интеллекттің компьютерлік қуаты берілсе қалай болар екен, мүмкін өзі қолданар, мүмкін ғылымға садақа етер, мүмкін сатып жіберер" деп ой тастап қояды.


Алайда, бұл жерде argumentum ad hominem circumstantiae жасап жатқандар да бар. Яғни, Альтман жай ғана өз бизнесінің тасын өрге домалатып, осы арқылы ақша жасап қалмақшы-мыс. Мысалы, Тойотаның бастығы бізге келіп: "әр қазақ бір Камри мінуге құқылы, осыны қоғам нормасына айналдырайық" десе, "кім, сен қоя салш" дегіміз кеп тұрады ғой өзіміздің. Тура сондай жағдай бұнда да
Жаңа GPT шықты, білетін шығарсыз. Ол енді тура кинодағыдай ассистент.

Байқадыңыз ба, OpenAI жаңа эпплға айналды. Солардың презентациясын бәріміз талқылаймыз. Басқалардың жаңалығы бүйтіп тех.әлемді дүр сілкіндірмейді.

Ең маңыздысы әлгі GPT-4o дегені қазақшаны қалай түсінеді екен. Аудио болсын, мәтін болсын, әйтеуір бір прогресс болса екен
Жизалардың жизасы. Әсіресе андроид прогер ретінде бұрын гугл айоны қатты күтетін едік, қазір саммари оқи саламыз