zhapisheva
3.83K subscribers
3.01K photos
358 videos
47 files
2.71K links
маленькая несуществующая радиостанция
журналистки Асем Жапишевой
@masamedia
@tilkespekjoq
MUSA
R
Номер для поддержки канала Тіл кеспек жоқ 4400 4302 3744 1719
Download Telegram
Forwarded from Oyan, Qazaqstan
Саяси реформа талап етуші Oyan, Qazaqstan қозғалысының сайлауға қатысты мәлімдемесі

2011 жылы Назарбаев Жаңаөзендегі жазықсыз адамдарды атуға бұйрық берді. Дәл солай 2022 жылы қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев өз халқын ескертусіз атуға бұйрық берді. Енді Тоқаев кезектен тыс сайлау жариялау арқылы Назарбаевтың билікті басып алу әдістерін де қолданып жатыр.

Біз, Қазақстандықтар — еркіндік пен бейбітшілікті сүйетін, өз болашағымызды өзіміз бағдарлай алатын азаматтармыз! Бәріміз әділ сайлау мен ашық саяси жүйеге лайықтымыз деп санаймыз.

Сондықтан біз бұл президенттік сайлауды заңды деп танымаймыз. Мерзімінен бұрын және асығыс сайлау әділетті бола алмайды.

Біз кезектен тыс сайлауды, оның нәтижелерін мойындамаймыз және барлық отандастарымызды соған шақырамыз.

Біз нақты өзгерістерді қалаймыз және ол өзгерістер саяси реформалардан, қуғын-сүргіннен бас тартудан, құқықтар мен бостандықтарды басып-жаншудан бас тартудан басталу керек деп санаймыз.

Осыған байланысты біз мыналарды талап етеміз:
1. Сайлау жүйесінің толық реформасы өтпейінше кезектен тыс президенттік сайлаудан бас тартуды талап етеміз.
2. Сайлау жүйесін реформалау және президенттік, парламенттік және мәслихаттар сайлауын өткізу ережелерін өзгерту қажет. Реформа халықаралық стандарттарға және елдің демократиялы қоғамда әділ сайлау өткізу жөніндегі міндеттемесіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
3. Президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарды жеңілдету қажет.
4. Саясатқа қатысуға барлық азаматтарға мүмкіндік берілуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша биліктің негізгі қайнар көзі — халық.
5. Барлық саяси тұтқындарды және Кантарда қатысқаны үшін қуғынға ұшырағандарды, соның ішінде заңсыз ұсталған Жанболат Мамайды босатуды талап етеміз!


Билікті Назарбаевтың әдісімен басып алу баяғы нәтижеге, яғни кедейшілік пен қантөгіске әкелетінін Қасым-Жомарт Тоқаев түсінуі керек.
Тек барша қазақстандықтардың ел басқаруға қатысуы гүлденген, қуатты елге апарар жол.

Оян, Қазақстан!

#ӘділеттіСайлау #МеніңПрезидентімЕмес #ОянҚазақстан #OyanQazaqstan #Оян
Forwarded from Oyan, Qazaqstan
Заявление движения за политические реформы Oyan, Qazaqstan касательно выборов

В январе 2022 года Касым-Жомарт Токаев отдал приказ стрелять в свой народ на поражение без предупреждения, точно также, как в 2011 году Назарбаев дал приказ стрелять в людей в Жанаозене. Теперь Токаев пользуется назарбаевскими методами захвата власти, объявив внеочередные выборы.

Мы, граждане Казахстана, любим нашу страну и считаем, что все мы достойны честных выборов и открытой политической системы.
Поэтому мы не признаём эти выборы президента легитимными. Досрочные и поспешные выборы не могут быть честными и справедливыми.

Мы не признаем досрочные выборы, их результат и призываем к этому всех сограждан.

Мы хотим настоящих перемен и считаем, что они должны начаться с политических реформ, отказа от репрессий и подавления прав и свобод. По этим причинам, мы требуем следующее:
1. Отменить досрочные президентские выборы до полной реформы.
2. Реформировать избирательную систему и изменить правила проведения выборов, как президентских, так и в парламент и маслихаты. Реформа должна быть проведена в соответствии с международными стандартами и обязательствами страны по проведению честных выборов в демократическом обществе.
3. Упростить требования к кандидатам в президенты.
4. Допустить всех желающих к участию в политике. Главным источником власти по Конституции РК является народ.
5. Освободить всех политических заключенных и преследуемых за участие в Қаңтар, в том числе незаконно задержанного политика Жанболата Мамая.


Касым-Жомарт Токаев должен понимать, что захват власти назарбаевскими методами приведет к тем же результатам – нищете и крови на наших улицах. Только реальное участие всех казахстанцев в управлении – путь к процветающей и сильной стране.

Оян, Қазақстан!

#ӘділеттіСайлау #НеМойПрезидент #ОянҚазақстан #OyanQazaqstan #Оян