zhapisheva
3.84K subscribers
3.04K photos
367 videos
49 files
2.75K links
Download Telegram
Forwarded from Oyan, Qazaqstan
Заңсыз мәслихаттың «Южный» саябағында шеруге шығуға «рұқсат етуі» — Алматы халқының бетіне түкіргенмен тең. Бұл халықтан ағаш пен бұталардың аясына тығылу амалы.

Бұл шешім тұрғындардың талабына және еліміздің Ата Заңына сәйкес келмейді.

Бейбіт жиын, оның ішінде шеру мен наразылық — датымызды жеткізу жолы. Бұл біздің құқығымыз, қаламыз бен бұқаралық кеңістігіміз.

Алматы тұрғындары өз даттарын бейбіт түрде әрі қарусыз бұқаралық орындарда және көпшілік көретін жерлерде жиналуға құқылы.

Әзіргі мәслихат депутаттары мен Сағынтаев тұрғындардың мүддесін қорғамайды.
Сайлау арқылы билікті өз қолымызға алып, қаланы өзімізге қайтарын уақыт келіп қойған.

Oyan, Qazaqstan рұқсат алусыз-ақ бейбіт жиын өткізу, шынайы жергілікті басқару жүйесін, мәслихат депутаттары мен қала әкімдерін тікелей сайлау және бейбіт жиындарға еркін қатысу мүмкіндігін талап етуді тоқтатпайды.

#oyanqazaqstan #qazaqkoktemi #менояндым #oq
Forwarded from Oyan, Qazaqstan
Oyan, Qazaqstan: құқығымыз бен еркіндігіміз — жасырын талқыланып, саудаласатын дүние емес.

Президент әкімшілігі мен оның қол астындағы ҰҚСК Қазақстан азаматтарына өз құқығын қолдануға рұқсат беру жайлы талқылау жүргізіпті.

Билік халықпен тілдескен сыңай танытып, саяси реформа жүргізу құлқының жоқтығын жасырғысы келеді.

Билік қысқа уақыттың ішінде бейбіт жиын өткізу мен сайлау жүйесіне реформа жүргізуі тиіс.

Бәрі тайға таңба басқандай. Шеру туралы заң конституцияға сай емес. Ол бейбіт жиналу құқығын шектейді, сол себепті демократиялық қоғамда қалыптасқан халықаралық стандарттар мен тәжірибеге сәйкес өзгертілуі тиіс. Сайлау жүйесіндегі заңнамалар да билікті бейбіт түрде сайламақ үшін дереу өзгертілуі керек.

Саяси реформа талап етуші Oyan, Qazaqstan қозғалысы биліктен іс жүзіндегі шеру жайлы заңдардың конституцияға қарсы екенін мойындап, Конституция нормаларын тікелей қолдану секілді батыл қадамдар жасауын талап етеді. Сайлау жүйесіне реформа жүргізілуін және парламент сайлауына дейін бірмандатты округ енгізілуін талап етеміз.

Демократиялық реформаларсыз саяси дағдарыс тек өрши түседі.

#oyanqazaqstan #qazaqkoktemi #менояндым #oq
Forwarded from Oyan, Qazaqstan
Көкірегі — сезімді, көңілі — ойлыға бәрі анық. Қорықпа, бізбен бірге шық!

#митинг911 #ПарламенттікРеспублика #oyanqazaqstan #qazaqkoktemi #менояндым #oq
Forwarded from Oyan, Qazaqstan
Движение за политические реформы Oyan, Qazaqstan выражает поддержку братскому кыргызскому народу. Коррупция — наш общий враг. Нашим странам нужна подотчетность.

#oyanqazaqstan #qazaqkoktemi #менояндым #oq #reакция