Төлемдер 2.0, жоспарланған дауысчат, жаңа веб-нұсқа

Read the original announcement in English

2024 ЖАҢАРТУ: Боттар енді цифрлық тауарлар мен қызметтерді сата алады. Толығырақ Telegram жұлдыздар және цифрлық пен физикалық өнімдері үшін жаңартылған төлем құжаттамасын қараңыз.

Төлемдер 2.0, жоспарланған дауысчат, жаңа веб-нұсқа

Бұл жаңартуда барлық чат үшін төлемдер 2.0, дауысчатты жоспарлау мен шағын бейіндер, жаңа Telegram қолданбасы және т.б.

Төлемдер 2.0

Біз төлемдерді қолдауды алғаш рет 2017 жылы қостық. Төлем боттары қолданушыларға қосымшадан шықпай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін қауіпсіз төлеуге мүмкіндік берді.

Бүгіннен бастап саудагерлер 9 біріктірілген үшінші тарап төлем жүйелеріне сүйене отырып, кез келген чатта кредиттік карта төлемдерін қабылдай алады, мысалы: Stripe.

Сатып алушылар өздерінің сүйікті суретшілеріне, дүкендеріне немесе жеткізушілеріне қосымша сүйіспеншілік көрсету үшін сатып алған сайын ұпай қоса алады. Төлемдерді енді кез келген қолданбадан жасауға болады, оның ішінде Desktop қолданбасында.

Бұл тегін және құпиялықты сақтайтын Telegram платформасы комиссия алмайды және төлем ақпаратын сақтамайды. Несие картасы туралы ақпарат тікелей төлем жүйесіне жіберіледі және жеткізу ақпараты сізге тауарларыңызды жіберу үшін саудагермен бөліседі.

Біз ақшаға сатып алуға болмайтын ең экзотикалық ойдан шығарылған тауарлар мен қызметтердің демо арнасын жасадық, сондықтан бір тиын жұмсамай-ақ бұл қалай жұмыс істейтінін тексеріп көре аласыз.

Кез келген саудагер Төлемдер API-ін Telegram-нан қосымша мақұлдау алмай-ақ қолдана алады. Төлемдерді интеграциялауға мүдделі әзірлеушілер барлық мәліметті төлемдер нұсқаулығынан таба алады.

Жоспарланған дауысчат

Дауысчаттар қолданушыларға бірнеше достарды сөйлесуге немесе миллиондаған тыңдармандары бар алпауыт жариялымдарға қосылуға мүмкіндік береді.

Топтар мен арналардың әкімшілері енді дауысчатты бірден жасаудың орнына нақты күн мен уақытқа жоспарлай алады. Бұл бірлестік мүшелеріне достарына хабарлауға уақыт береді.

Қолданушылар чаттың жоғарғы жағында түрлі-түсті уақыт санағын көреді. Уақыт санағын көргісі келмейтін адамдар дауысчат басталғанда мәлімдеме алуды таңдай алады.

Әкімшілер өз тобынан немесе арнасының бейінінен дауысчатты жоспарлай алады. Android-та ⋮ → Дауысчатты бастау → Дауысчат жоспарлау тармағын басыңыз. iOS-та дауысчат батырмасын басып, Дауысчат жоспарлау тармағын таңдаңыз.

Уайымдамаңыз, уақыт санағы нөлге жеткенде чат автоматты түрде басталмайды, әкімші Қазір бастау батырмасы басқанда ғана басталады.

Дауысчаттағы шағын бейіндер

Енді кіммен сөйлесіп жатқаныңызды жақсырақ түсіну үшін дауысчат терезесінен шықпай-ақ бейін суреті мен өзі жайлы бөлімін көре аласыз.

Сондай-ақ чаттан шықпай-ақ бейін суретіңізді өзгерте аласыз және өзі жайлы бөлімін өңдей аласыз, мысалы: Бұл әлемде таптырмас талқы болады екен.

Жаңа веб-нұсқа

Telegram-ның алғашқы веб-нұсқасы 2014 жылы іске қосылды. Содан бері ішкі бәсекелестік тыным бермеді: «Екеу бола тұра, неге бір веб-нұсқа болуы керек?» деген ой пайда болды.

Бүгін анимациялы стикерлерді, түнгі режімді, чат бумаларын және т.б. қолдайтын екі жаңа Telegram веб-қолданбасын іске қостық.

Жаңа веб-нұсқалармен кез келген desktop немесе ұялы құрылғыларда чаттарға лезде қол жеткізе аласыз. Бұл қолданбалар өте тиімді, тек 400 КБ жүктеуді (шамамен көлемі мысықтың екі суреті сияқты) және орнатуды қажет етпейді.

Оларды қолданып, қайсысы сізге көбірек ұнайтынын көріңіз:

Басқа Telegram қолданбалары сияқты, барлық веб-нұсқамыз жеке: жүйеге кіргеннен кейін телефонды жақын жерде ұстаудың немесе ғаламторға қосудың қажеті жоқ.

Жаңа қолданбалардың кез келгенінен мәселе тапсаңыз, ұсыныстар платформасына хабарлаңыз.

Android-қа тікелей жүктеп алу

Қолданба қаласаңыз, енді telegram.org сайты арқылы Android-қа арналған Telegram-ды тікелей жүктей аласыз. Сайттан орнатылған қосымшалар соңғы нұсқаға автоматты түрде жаңартылады. Осылайша жаңа нұсқаларды бірнеше күн немесе апта жылдамырақ алуыңыз мүмкін, себебі жаңартулардың дүкенде қаралуын күтудің қажеті жоқ.

Telegram жиналатын құрастырманы қолдайды, сондықтан әрқашан құрылғыңыздағы қолданбаның GitHub-та жарияланған дәл сол ашық бастапқы кодтан құрылғанына сенімді бола аласыз.

Екі саусақпен ұлғайту

Енді суреттер мен бейнелерді тікелей чаттан кеңейтуге болады, медиа көргіні ашу үшін баспай-ақ, бірден масштабтау үшін екі саусақпен қысыңыз.

Жақсартылған бейнеплеер

Медиаплеерден бейнені iOS-та көргенде, алға және қайта айналдыру үшін + немесе - 15с батырмаларын басыңыз және басып тұрыңыз. Android-та дәл солай істеу үшін экранның оң немесе сол жағында басып тұрыңыз және кез келген бағытта 10 секундқа секіру үшін екі рет басыңыз.

Кеңестер мен жаңа Android анимациялары

Android қолданбасы әр жаңарту сайын жатық және динамикалық болады, бүйір мәзірді ашқанда немесе чаттан чат тізіміне оралғанда жаңа анимацияларды қараңыз.

Telegram не істей алатыны туралы көбірек білу үшін бүйір мәзірден Telegram Features батырмасын басыңыз немесе @TelegramTips арнасына кіріңіз.

Telegram-дағы бос жұмыс орындары

Бүгінге осы, қазірдің өзінде келесі жаңартудың жұмыстарын істеп жатырмыз және сіз жай ғана «Бейшара адамдар, біраз демалыс алыңыз» емес, «Мәссаған, бұл не деген рух!» деп ойласаңыз, бос жұмыс орындар тізімімен танысыңыз.


2021 жылы 26 сәуір
Telegram командасы