Қуат үнемдеу режімі және т.б.

Read the original announcement in English
Қуат үнемдеу режімі және т.б.

Бұл жаңарту қуат үнемдеудің жаңа режімін енгізеді, Telegram-ды төменгі деңгейдегі Android құрылғылары үшін оңтайландырады, ойнату жылдамдығының одан да көп теңшеуін қосады және т.б.

Қуат үнемдеу режімі

Telegram-ның әдемі анимациялары мен жеңіл әсерлері кез келген телефонды қуатты сезінуі үшін оңтайландырылған, бірақ енді оны ескі құрылғыларда батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту және өнімділікті жақсарту үшін өшіруге болады.

Қуат үнемдеу режімін батареяңыз белгілі бір пайызға жеткенде өздігінен қосылатын етіп орнатуға болады, сонымен қатар нақты әсерлерді өшіруге мүмкіндік беретін жеке қосқыштар бар.

iOS қолданушылары да қуат үнемдеу баптауын тұсқағаз жаңартуын шектеу үшін қолдана алады, бірақ бұны жасауға кеңес бермейміз, өйткені қолданбаңызды «Жаңарту…» әлдеқайда жиі көресіз.

Android үшін біз Telegram-ның қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін көру үшін 200-ден астам құрылғы түрін қолмен сынап көрдік және барлық қолданушыға ең жақсы тәжірибені қамтамасыз ету үшін оңтайландырылған әдепкі баптауды жасадық.

Баптау → Қуатты үнемдеу арқылы қуат үнемдеу режімін ауыстыра аласыз немесе өздігінен ойнату, анимациялар мен әсерлер үшін жеке баптауды өзгерте аласыз.

Ойнату жылдамдығын баптау

Жыл бойы Telegram қолданушылары бейнелерді, подкасттарды, дауысхат пен бейнехаттарды ойнату жылдамдығын өзгерте алады. Енді сіз 0.2x–2.5x арасындағы кез келген жылдамдықты таңдау үшін 2x батырмасын басып тұрып, одан да көп икемділікке ие бола аласыз.

Бейненің ойнату жылдамдығын өзгерту үшін Menu Android немесе Menu iOS батырмасын басып, содан кейін Ойнату жылдамдығы батырмасын басып, слайдерді жылжытыңыз.

Шағын топтағы оқу туралы есеп

Шағын топтарда бірлесіп жұмыс істеуді жеңілдету үшін, мүшелері 100-ге дейінгі топтардағы оқу туралы есеп енді әр адам хаттарыңызды оқыған уақытты көрсетеді.

Шақыру сілтемесін өздігінен жіберу

Telegram қолданушылары оларды топтарға кімнің қоса алатынын бақылай алады. Бұны шектейтін адамды шақырсаңыз, енді оған шақыру сілтемесін хат ретінде тез жібере аласыз.

Шақыру сілтемелері енді чаттарда алдын ала көрсетіліп, олардың қайда апаратынын бірден көре аласыз.

Сізді топтарға тікелей кім қоса алатынын басқару үшін Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік → Топ пен арна бөліміне өтіңіз.

Стикер жинақтарын сұраптау

Алдыңғы жаңартудан бастап, оңай қол жеткізу үшін жуырда қолданған стикер жинағын тақтаның жоғарғы жағына жылжиды. Жинақтарыңыздың өз орнында қалғанын қаласаңыз, стикерлер тақтасындағы gear таңбасын басып, Динамикалық стикер қосқышын өшіре аласыз.

Бот сипаттамасының аудару

Бот әзірлеушілері енді бот сипаттамасы мен “Бұл боттың қолынан не келеді?” бөлімін көп тілге аудару арқылы өз боттарын толық локализациялай алады.

iOS-та буманы қолдау жақсартылды

iOS қолданушылары бір рет басу арқылы барлық чатты оқыған деп белгілей алады. Хаттарды жіберу кезінде бумаларды қажетті чатты тез табу үшін қолдануға болады. Бұл жақсартулар келесі жаңартулардың бірінде біздің Android қолданбамызға да келеді.

Жаңа анимациялы эмоджи

Бұл жаңартуда Telegram Premium қолданушыларына арналған он жаңа жеке эмоджи жинағы бар ма деп ойласаңыз – иә, бар.

Жаңа интерактивті эмоджи мен реакция

Аниматорларымыз 👾😡😎 🤷‍♀️🤷🤷‍♂️ жаңа интерактивті нұсқаларын қосты. Олардың кез келгенін жеке чаттарда жіберіңіз, содан кейін өзіңіз бен чаттасыңыз үшін толық экран әсерін іске қосу үшін басыңыз. Әркім бұл эмоджилерді реакция ретінде де қолдана алады.

Көптеген ақауды түзету

Осы жаңарту циклінде Telegram әзірлеушілері жаңа мүмкіндіктерді енгізуден екі апталық үзіліс алып, Telegram қолданбаларындағы 400-ден астам белгілі ақауларды жойды.

Біз келесі жаңартумен жұмыс істеп жатқанда, әркім suggestions.telegram.org арқылы командамызға мәселелерді хабарлау және ұсыныстар қалдыру үшін bugs.telegram.org қолдана алады.


2023 жылы 8 наурыз
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

리치 텍스트 에디터, 커뮤니티, 그룹 내 휘발성 메시지, 3억 5천만 개의 GIF

텍스트를 서식화하고 생성할 수 있는 리치 텍스트 에디터, 여러 그룹, 채널, 봇을 연결하는 텔레그램 커뮤니티, 그룹 내에서의 휘발성인 봇 메시지, 3억 5천만 개 이상의 GIF 검색 등 다양한 기능이 새롭게 도입되었습니다.
14 шіл 2026

스마트워치 앱, 봇을 위한 리치 텍스트, 그룹을 위한 AI 가디언, 그리고 그 외에도 다양한 기능

오늘 업데이트로 텔레그램이 애플 워치와 안드로이드 스마트워치에서 사용 가능해졌으며, 봇을 위한 다양한 서식의 리치 텍스트, AI 관리자가 새로운 그룹 멤버를 심사하는 기능, 더 똑똑해진 투표, 브라우저 제어 등 다양한 기능이 추가되었습니다.
11 мау 2026

게스트 AI 봇, 봇 간 대화, 대화 자동화, 맞춤형 AI 스타일, 1억 개 이상의 이모지 및 스티커 검색 등 다양한 기능

텔레그램은 사용자가 어떤 대화에서도 AI 서비스를 이용할 수 있는 방법, 봇으로 받은편지함을 자동화하는 기능, AI 텍스트 에디터에서 맞춤 스타일을 만드는 기능, 설문조사에 한도를 설정하고 통계를 볼 수 있는 기능 등 10가지 이상의 새로운…
7 мам 2026

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026