Реакция, жасырын, аудару және QR код

Read the original announcement in English
Реакция, жасырын, аудару және QR код

Telegram-ның биылғы 12-жаңартуы реакцияларды, хаттарды аударуды, кейіпі бар QR кодтарды, жасырын мәтінді және т.б. мүмкіндіктерді ұсынады.

Реакция

Telegram анимациялы және интерактивті эмоджилерді алғаш қосқан мессенджер болды. Бұл қолданушыларға чаттарда өзін білдірудің теңдессіз тәсілдерін берді. Енді осы эмоджилердің кейбірі реакция ретінде қолжетімді болады, осылайша хат жібермей-ақ эмоция мен пікірді білдіруге болады.

Хатқа жылдам 👍 реакциясын жіберу үшін оны екі рет басыңыз. Ал 😁 🎉 😱 🔥 👎 сияқты көбірек реакциялар үшін хатты бір рет басыңыз (немесе iOS-та басып тұрыңыз). Әр реакцияның өзіне тән бірегей анимациясы бар.

Әдепкі реакцияны баптаулардан басқа эмоджиге ауыстыра аласыз. Android-та: Чат → Жылдам реакция. iOS-та: Стикер мен эмоджи → Жылдам реакция.

Реакциялар жеке чаттарда әрдайым қосулы болады. Топтар мен арналарда әкімшілер реакцияларды қосу немесе қоспауды және чатта қай реакция эмоджилері қолжетімді болатынын өздері шешеді. Бұл кері байланыс жинаудың түрлі тәсілдерін береді: қарапайым лайк ❤️ бастап жақсы 👍 және нашар 👎 жүйелеріне дейін және одан да көп.

Әкімшілер реакцияларды топ немесе арнаның Бейінінде → Өңдеу → Реакция бөлімі арқылы басқара алады. Көбірек кері байланыс мүмкіндігі үшін арна пікірлерін және қуатты сауалнамаларымызды қолданып көріңіз.

Жасырын

Цирилла немесе Питер Паркер тағдырын өзгелердің қызығын бұзбай талқылау үшін, мәтін жазып жатқанда оның кез келген бөлігін белгілеп, жаңа «Жасырын» форматтауын таңдаңыз. Бұл таңдалған бөлікті чатта, чаттар тізімінде және хаттарда жасырады.

Жасырын мәтінді көруге дайын болсаңыз, оны ашу үшін жасырынды басыңыз.

Хат аудару

Әлем бойынша жарты миллиардтан астам адам Telegram-ды достарымен байланысу үшін ғана емес, сондай-ақ жария топтарда сөйлесу және арналардағы контентті көру үшін қолданады және ол барлық дерлік тілде болады. Енді кез келген хатты қолданбаның ішінде-ақ басқа тілге аудара аласыз.

Баптау → Тіл бөлімінде Аударма мүмкіндігін қоссаңыз, хатты таңдаған кезде мәзірге арнайы Аудару батырмасы қосылады. Сондай-ақ өзіңіз еркін білетін тілдерді аударудан алып тастай аласыз, сонда ол тілдердегі хаттар үшін аудару батырмасы көрсетілмейді.

Аударма Telegram-ды қолдайтын барлық Android құрылғысында қолжетімді, ал Apple құрылғыларында iOS 15+ қажет. Қолжетімді тілдер тізімі телефоныңыздың операциялық жүйесіне байланысты.

Кейіпі бар QR код

Жария қолданушы аты бар кез келген қолданушы үшін QR код жасай аласыз. Бұл топтар, арналар және боттар үшін де жұмыс істейді, сондықтан біреуге сүйікті блогіңізді немесе фан клубыңызды көрсету оңай.

Адамның қолданушы атының жанындағы жаңа QR код таңбасын басыңыз (немесе чаттың бейінінде), өзіңізге ұнайтын түстерді және өрнекті таңдаңыз, содан кейін QR кодыңызды басып шығарыңыз, жариялаңыз немесе басқа қолданбалармен бөлісіңіз.

Өз қолданушы атыңызға арналған QR кодты Баптау бөлімінен алуға болады.

macOS қолданбасы үшін жаңа мәзірлер

macOS-қа арналған Telegram қолданбасындағы барлық мәзірді қайта жасап шықтық. Енді кейбір жаңа пернетақта әрекеттері көрсетіледі және қолданбадағы әр мәзір тармағына әдемі анимациялы таңбалар қосылды.

Көбірек интерактивті эмоджи

Аниматорларымыз 🔥 😁 🤩 😢 😭 😱 ❄️ эмодзилерінің жаңа интерактивті нұсқаларын қосты. Оларды жеке чатта жіберіңіз, содан кейін өзіңіз бен сұхбаттасыңыз үшін толық экранды әсерді іске қосу үшін түртіңіз.

Бәріңізге керемет жыл үшін рақмет. 2022 жылды одан да мықты етейік. 🎉


2021 жылы 30 желтоқсан
Telegram командасы