Manshuq Media
782 subscribers
2.47K photos
187 videos
11 files
2K links
▪️KZ-те N°1 әйелдер қоғамдастығы
▪️Контентпен жұмыс істейтін агенттік
▪️Женское сообщество N°1 в KZ
▪️Агентство по работе с контентом

Почта для связи: hello@manshuq.com
Download Telegram
Үш белгілі мекеме. Үш бизнестегі әйелдер. Соған қарай ең негізгі сұрақтың бірі: пандемия кезінде кәсіпті қалай сақтауға болады?

Біз кәсіпкер және басшылық қызметтегі әйелдермен осы және басқада негізгі сұрақтар туралы «Кризис жағдайдағы әйел» деген жаңа арнайы жобамыздың бірінші материалында сөйлестік.

Біздің кейіпкерлеріміз:

▪️Әсел Бейсекеева, СМО Intertop, Pandora
▪️Диана Бимахимова, «Бродвей Бургер» бизнес-серіктесі
▪️Рада Исламова, Lensmark.kz директоры

#qolda #ішіңдегіқуат #мықтыәйелдер #мансап #women #бизнес #алматы #almaty

https://manshuq.com/career-business-during-pandemic-05-2020-kz
Manshuq Media баспагерi Жанар Гилимова жаңа мақала туралы:

«Дағдарыс жағдайындағы әйелдер» арнайы жобасы аясында біз «Жетісу» туристік компаниясының директоры Елена Бекбоеваның және Adili брендінің негізін қалаушы Әсел Әділдің дағдарыс кезінде бастаған бизнестері қандай күйде екені және бұл дағдарысты еңсеру жолдары туралы монологтарын жазып алдық.

Мен өзім соңғы 10 жыл ішінде елдегі ең ірі корпорациялардың бірінде жұмыс істедім, әртүрлі дағдарыстарды көрдім, бірақ бұл жолы расында да бүкіл әлемді алаңдатқан оқиға болды. Тіпті қаржы жағынан қалыптасқан, тұрақты клиенттері бар үлкен корпорациялардың өзіне өте ауыр болды. Ал отандық шағын және орта бизнестің жайы туралы айтып жату артық та шығар.

Бұл мақала маған кейіпкерлердің шынайылығымен, олардың ой-пікірлерінің ерекшелігімен және ішкі тұрақтылығымен ұнады. Бұлар self made women деп сеніммен айтуға болады, оларға үлкен ризашылық білдіремін және шын жүректен осы жағдайдан өз саласының жеңімпазы ретінде шығуын тілеймін!»

#qolda #ішіңдегіқуат #мықтыәйелдер #мансап #women #бизнес #алматы #almaty

https://manshuq.com/career-post-quarantine-business-08-2020