Хикая және Telegram-ның 10 жылдығы

Read the original announcement in English
Хикая және Telegram-ның 10 жылдығы

Бүгін Telegram өзінің 10 жылдығын тарихымыздағы ең ірі жаңартумен атап өтеді. Өткен онжылдықта біз қазіргі уақытта 800 миллионнан астам адам қолданатын жүздеген жаңа функцияларды енгіздік. Бұл жаңартуда біз бірегей қос камера режімі, егжей-тегжейлі құпиялық баптаулары, икемді көрсетілім мерзімі және т.б. мүмкіндіктері бар хикаяларды іске қосамыз.

🚀 Жаңа дауыс беру жүйесінің арқасында арналар мен топтар да хикаялар жариялай алады.

Хикая

Хикаялар сәттермен жылдам бөлісуге және достарыңыздың өмірінен көбірек ақпарат алуға мүмкіндік береді, енді олар Telegram-да қолжетімді.

Бұл Telegram тарихындағы ең көп сұралған функция болды, біз оны жетілдіру және жаңа инновациялар енгізу үшін бірнеше ай жұмсадық. Хикаялар сіз күткен барлық мүмкіндікті және бұрын-соңды еш жерде жасалмаған көптеген жаңа дүниелерді қамтиды.

Хикаялар экранның жоғарғы жағындағы кеңейтілетін бөлімде көрсетіледі, осылайша сіз чат тізімі мен қалталардың толық көрінісін сақтап қаласыз.

Хикаяны көргенде, онымен бөлісу, жеке жауап беру немесе реакция білдіру үшін жылдам басуға болады, жай ғана бассаңыз ♥️ қойылады, ал басып тұрсаңыз, жүздеген басқа реакцияларды қолдана аласыз.

Әдетте, негізгі бетте барлық контактіңіздің хикаяларын көресіз. Бірақ нақты бір адамдардың хикаяларын жасырып, оларды мұрағатталған чаттарға жіберуіңізге болады.

Қос камера режімі

Көріністі барлық қырынан түсіру үшін, хикаяларды құрылғыңыздың алдыңғы және артқы камерасымен бір мезгілде суретке немесе бейнеге түсіре аласыз. Тіпті түсірілім кезінде де қай камераның қай жерде тұратынын таңдауға болады.

Стикер, орын және сипаттама

Хикаялар Telegram-ның қуатты медиа өңдегішін қолданады. Бұл мәтін, суреттер, стикерлер қосуға немесе тұрған орныңызды белгілеуге мүмкіндік береді. Көбірек мән беру үшін хикаялар сипаттамаларды қолдайды: бұнда ұзақ мәтін жазуға, достарыңызды белгілеуге немесе сілтемелер қосуға болады.

Галереяңыздан бірнеше сурет қоса аласыз немесе ғаламтордан GIF-тер мен суреттерді табу үшін іздеуді қолдана аласыз.

Егжей-тегжейлі құпиялық баптауы

Хикаяны жариялаған кезде 4 құпиялық баптауының бірін таңдай аласыз: Бәрі, контактім, жақын достар және таңдаулы. Әрбір теңшеуді толығымен реттеп, кез келген қолданушыны қосуға немесе алып тастауға болады.

Хикаяңызды ешқашан көрмейтін адамдардың тізімін де жасауға болады, осылайша бастығыңыз немесе әжеңіз «экстремалды» қырларыңызды білмей-ақ қояды. 😉

Егжей-тегжейлі құпиялық баптауы

Құпиялықты одан әрі күшейту үшін, көрермендерге хикаяны сақтауға немесе бөлісуге жол бермейтін скриншот жасауды шектеу функциясын қоса аласыз.

Бейіндегі хикая

Хикаялар таңдауыңыз бойынша 6, 12, 24 немесе 48 сағат сақталуы мүмкін. Оларды бейініңізге жариялап, әдемі тор түрінде реттей аласыз, осылайша ескі де, жаңа да таныстарыңыз өміріңіздің ең қызықты сәттерін сіз қалағанша көре алады.

Енді Telegram-да жаңа адамдармен танысқанда, бірнеше бейін суретін ғана емес, олардың өмірінен қызықты сәттерді де көре аласыз.

Бейінге салған әрбір хикаяның бөлек құпиялық баптауы болады, қай хикаяны кім көре алатынын әрдайым бақылауда ұстайсыз.

Хикаяны өңдеу

Әлеуметтік желілер тарихында алғаш рет сіз өз хикаяңыздың кез келген элементін кез келген уақытта жаңарта аласыз. Оны жойып, қайтадан жүктемей-ақ, оның көрінуін, сипаттамасын, экрандағы мәтінін, стикерлерін немесе басқа да кез келген нәрсені өзгертуге болады.

Хикаяны өңдеу үшін оны жариялаған құрылғыңызда ашып, ⋮ немесе ⋯ > «Өңдеу» басыңыз.

Толық көрілім статистикасы

Қолданушы хикаяны ашқанда, ол авторға көрінетін көрерушілер тізімінде пайда болады (оқылғанды растау белгісі сияқты).

Хикая жариялағаннан кейін оны ашып, тізімді көре аласыз. Тізімді тек контактілерді көрсету үшін сүзуге немесе соңғы көргендер немесе реакциялар бойынша сұрыптауға болады. Белгілі бір адамның көрген-көрмегенін білгіңіз келсе, оның атын іздеу жолағына жазыңыз.

Толық көрілім статистикасы

Толық анонимділік үшін Premium қолданушылары Жасырын режімді қоса алады, бұл соңғы 5 минутта ашқан хикаялардан олардың ізін өшіреді және алдағы 25 минут ішінде не көретіндерін жасырады.

…және тағы

Бұл мақалаға сыймаған хикаялардың барлық мүмкіндігін білу үшін Telegram хикаялары бойынша мына толық нұсқаулықты қараңыз.

Тамаша 10 жыл үшін баршаңызға рахмет. Бұл мерекені бізбен бірге тойлағыңыз келсе, біздің бас директорымыздың осы оқиғаға байланысты ойларын оқи аласыз 🎂

Ал біз, қолда торт, келесі жаңартумен жұмыс істеп жатырмыз.


2023 жылы 14 тамыз
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

리치 텍스트 에디터, 커뮤니티, 그룹 내 휘발성 메시지, 3억 5천만 개의 GIF

텍스트를 서식화하고 생성할 수 있는 리치 텍스트 에디터, 여러 그룹, 채널, 봇을 연결하는 텔레그램 커뮤니티, 그룹 내에서의 휘발성인 봇 메시지, 3억 5천만 개 이상의 GIF 검색 등 다양한 기능이 새롭게 도입되었습니다.
14 шіл 2026

스마트워치 앱, 봇을 위한 리치 텍스트, 그룹을 위한 AI 가디언, 그리고 그 외에도 다양한 기능

오늘 업데이트로 텔레그램이 애플 워치와 안드로이드 스마트워치에서 사용 가능해졌으며, 봇을 위한 다양한 서식의 리치 텍스트, AI 관리자가 새로운 그룹 멤버를 심사하는 기능, 더 똑똑해진 투표, 브라우저 제어 등 다양한 기능이 추가되었습니다.
11 мау 2026

게스트 AI 봇, 봇 간 대화, 대화 자동화, 맞춤형 AI 스타일, 1억 개 이상의 이모지 및 스티커 검색 등 다양한 기능

텔레그램은 사용자가 어떤 대화에서도 AI 서비스를 이용할 수 있는 방법, 봇으로 받은편지함을 자동화하는 기능, AI 텍스트 에디터에서 맞춤 스타일을 만드는 기능, 설문조사에 한도를 설정하고 통계를 볼 수 있는 기능 등 10가지 이상의 새로운…
7 мам 2026

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026