Telegram Business

Read the original announcement in English
Telegram Business

Бүгіннен бастап кез келген адам өзінің Telegram тіркелгісін бизнес тіркелгіге айналдыра алады және бизнес мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады: жұмыс уақыты, мекенжайы, жылдам жауап, желіден тыс кезде жіберілетін хат, жеке бастау беті, чатбот қолдауы және т.б.

Telegram Business

Telegram бұрыннан бері әзірлеушілерге бизнеске кеңінен қолданылатын күшті боттар мен шағын қолданбалар жасауға мүмкіндік беріп келеді.

Бүгіннен бастап кез келген қолданушы ешқандай бағдарламалау дағдыларынсыз бизнес мүмкіндіктерін оңай қолдана алады.

Жұмыс уақыты және мекенжайы

Бизнес тіркелгі өзінің жұмыс уақытын көрсете алады және картада мекенжайын белгілей алады.

Бұл арқылы қолданушылар сізді қайдан табуға болатынын біледі және бірден ашықсыз ба, жоқ па екенін көре алады.

Бастау беті

Бизнес тіркелгі жаңа чат үшін өзінің бастау бетін баптай алады, адамдар сөйлесуді бастамас бұрын қандай мәтін және стикер көретінін таңдайды.

Бұл сізге өнім мен қызмет жайлы ақпарды көрсетуге немесе клиентті брендтік суретпен қарсы алуға мүмкіндік береді.

Жылдам жауап

Telegram Business сізге жылдам жауап жасауға мүмкіндік береді. Жылдам жауап – алдын ала дайындалған хаттарды жіберуге арналған қысқа мәтіндер. Олар бірнеше хаттан тұруы мүмкін және мәтін пішімдеуін, сілтемені, стикерді, медианы және файлды қолдайды.

Бұл клиенттерге жиі қажет ақпаратты тез жіберуге көмектеседі. Мысалы: сабақ кестесін немесе мәзірі бар PDF файлын.

Хат енгізу өрісінде / жазғанда барлық жылдам жауабыңыз көрсетілетін тақта ашылады, оларды бір басумен жіберуге немесе өңдеуге болады. Бұл тек жеке чатта жұмыс істейді, топта істемеді.

Сәлемдесу хаты

Көбірек автоматтандыру үшін сізге алғаш рет хабарласқан қолданушыларға жіберілетін сәлемдесу хатын орната аласыз. Бұл олардың бірден маңызды ақпарат немесе жай ғана достық сәлем алатынын қамтамасыз етеді. 👋

Сәлемдесу хатына жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар немесе бизнесіңіз жайлы қосымша мәліметтерді қосуға болады.

Белгілі бір уақыт кезеңін белгілей аласыз, жаңа хат келгенде сәлемдесу қайтадан жіберіледі.

Желіден тыс хаты

Сіз сондай-ақ бизнесіңіз жабық болғанда немесе демалыста жүргенде жіберілетін желіден тыс хатын орната аласыз.

Бұл адамдарға сізден жауапты қашан күтуге болатынын білуге мүмкіндік береді.

Достарға, туыстарға немесе қызметкерлерге бизнес хаттарын жібермеу үшін кез келген автоматтандырылған хаттарды белгілі бір чаттарды немесе тұтас чат санаттарын қоспауға шектеуге болады.

Чатты белгілеу

Telegram Business немесе Premium арқылы сіз чаттарға түрлі түсті белгілерді қоса аласыз, оларды чат бумаларына байланысты ерекше тегтермен белгілей аласыз.

Бұл сізге чат тізіміндегі клиенттерді олардың мәртебесі, қажеттілігі немесе басымдық деңгейіне қарай тез ажыратуға көмектеседі.

Барлық Telegram қолданушысы өз чаттары үшін арнайы чат бумасын жасай алады. Жұмыс, оқу, жаңалық және т.б. үшін бөлек қойындылар қоса алады.

Чат сілтемесі

Клиенттердің сізге хабарласуын одан да жеңілдету үшін чатқа сілтеме жасай аласыз. Мысалы: тапсырыс беру немесе тапсырысты қадағалау батырмасы. Басқанда сілтеме бірден сізбен чат ашады және қолданушыға ұсынылған хатты жазып қояды.

Сілтемені Telegram ішінде де, одан тыс жерде де қолдана аласыз. Мысалы: сайттағы сілтемеден бастап, мейрамхана мәзіріндегі QR кодқа дейін.

Әрбір сілтеме қанша рет басылғанын көрсетеді, сондықтан сіз оның тиімділігін бақылай аласыз.

Бизнеске арналған чатбот

Бизнес қолданушылары хаттарды өз атынан өңдеп, жауап беретін Telegram боттарын қоса алады. Бұл бизнеске бар құралдар мен жұмыс үдерістерін біріктіруге немесе чаттарды басқаратын ЖИ көмекшілерін қосуға мүмкіндік береді.

Чатбот қосқанда боттың қай чаттарға қол жеткізе алатынын баптай аласыз. Мысалы: барлық контактіңізбен чаттарды қоспау немесе тек жаңа чаттарға жауап беру.

Бұл Telegram боттары үшін жаңа дәуірді ашады, барлық әзірлеушіні бизнеске Telegram қолданушыларымен байланысын автоматтандыруға және жақсартуға көмектесетін жаңа қызметтер жасауға шақырамыз. Толық ақпарды бот нұсқаулығынан қараңыз.

Telegram алдағы жаңартуларда бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктерді енгізетін болады. Қазіргі уақытта барлық Telegram Business мүмкіндігі Premium жазылушыларына тегін қолжетімді. Оларды Баптау → Telegram Business бөлімінен таба аласыз.


2024 жылы 31 наурыз
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

리치 텍스트 에디터, 커뮤니티, 그룹 내 휘발성 메시지, 3억 5천만 개의 GIF

텍스트를 서식화하고 생성할 수 있는 리치 텍스트 에디터, 여러 그룹, 채널, 봇을 연결하는 텔레그램 커뮤니티, 그룹 내에서의 휘발성인 봇 메시지, 3억 5천만 개 이상의 GIF 검색 등 다양한 기능이 새롭게 도입되었습니다.
14 шіл 2026

스마트워치 앱, 봇을 위한 리치 텍스트, 그룹을 위한 AI 가디언, 그리고 그 외에도 다양한 기능

오늘 업데이트로 텔레그램이 애플 워치와 안드로이드 스마트워치에서 사용 가능해졌으며, 봇을 위한 다양한 서식의 리치 텍스트, AI 관리자가 새로운 그룹 멤버를 심사하는 기능, 더 똑똑해진 투표, 브라우저 제어 등 다양한 기능이 추가되었습니다.
11 мау 2026

게스트 AI 봇, 봇 간 대화, 대화 자동화, 맞춤형 AI 스타일, 1억 개 이상의 이모지 및 스티커 검색 등 다양한 기능

텔레그램은 사용자가 어떤 대화에서도 AI 서비스를 이용할 수 있는 방법, 봇으로 받은편지함을 자동화하는 기능, AI 텍스트 에디터에서 맞춤 스타일을 만드는 기능, 설문조사에 한도를 설정하고 통계를 볼 수 있는 기능 등 10가지 이상의 새로운…
7 мам 2026

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026